пятница, 21 марта 2014 г.

МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІ

6 бөлім. МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІ

Есеп 6.1
Теориялық сұрақтар:
А) Міндеттемеге және оның үш ерекшелігіне анықтама беру (танылуы).
Б) Міндеттемелерді жіктеу. Субъекті міндеттемелері түрлерінің тізімін келтіріңіз.

Есеп 6.2 (тестілер)

  1. Қаржылық міндеттемелерге төмендегілер мысал бола алады:
Келісім нұсқалары:
А) Келісімшарт бойынша қаржылық құралдарды өзге ұйымға өзіне тиімсіз түрде айырбастау міндеті.
Б) Мұраның бір бөлігіне иелік етуге құқық беретін келісімшарт.
С) Компанияға тиесілі сейфтегі ақша қаражаты.
Д) Жоғарыда айтылғандардың барлығы дұрыс.

  1. Қаржылық міндеттемелердің үлестік құралдардан басты айырмашылығы неде?
Жауап нұсқалары:
А) Эмитент үшін қаржылық аспапты тиімсіз басқа қаржылық міндеттемелерге айырбастау туралы келісімшарттың болуы.
Б) Эмитент тарататын дивиденттерді үлеске пропорционалды түрде алу құқығының болуы.
С) Эмитент үшін қаржылық инструментті тиімді басқа қаржылық міндеттемелерге айырбастау туралы келісімшарттың болуы.
Д) Дұрыс жауабы жоқ.

  1. Қаржылық аспаптарға жататын, міндеттемелер түрінде жіктелген пайыздар, дивидендтер, залалдар мен пайдалар көрсетілуге тиіс:
Жауап нұсқалары:
А) Пайда мен залал туралы есептілікте.
Б) Капитал қозғалысы туралы есептілікте.
С) Баланста.
Д) Ақша қозғалысы туралы есептілікте.

  1. Резервтер – бұл?
Жауап нұсқалары:
А) Компанияның бір айлық сұранысының көлемін қамтамасыз ететін тауарлар қоры.
Б) Ұйымның банктегі арнаулы шоты, сол арқылы компанияға овердрафт рұқсат етілген.
С) Мөлшері немесе пайда болған уақыты белгісіз міндеттемелер.
Д) Кепілде тұрған жылжымайтын мүлік түріндегі актив.

  1. Резерв құруға қандай оқиғалар себеп болады?
Жауап нұсқалары:
А) Саяси оқиғалар мен тәуекелдіктер.
Б) Компанияны қайта құрылымдаудың жалпы жобасы.
С) Алдағы кезеңнің операциялық зияндары.
Д) Дұрыс жауабы жоқ.


  1. Қандай жағдайда қаржылық активтер мен міндеттемелер есепке алынады, ал баланста сальдоның сомасы көрсетіледі?

Жауап нұсқалары:
А) Субъектінің есепке алуға заңды құқығы бар және сальдолық сома бойынша есептесуге мүдделі немесе активті сату арқылы міндеттемелерін орындамақшы.
Б) Субъектінің осылай етуге толық құқығы бар.
С) Субъект қаржылық активтер мен міндеттемелерді есепке алмауға тиіс, себебі активтерді сатумен қоса міндеттемелерін орындамақшы.

Есеп 6.3
Ай ішінде келесі шаруашылық операциялары:
Операциялар мазмұны
сома
1
Сатып алынатын тауар үшін ұйымның есеп шотына тапсырысшыдан алдын ала келіп түскен ақша қаражаты
666 700
2
Тауар берушіден алынған шот-фактура, ҚҚс оның ішінде
339 000
3
Тауар берушіге есеп шоттан төлем жасалды
339 000
4
«А» ұйымынан – қызмет көрсеткені үшін шот-фактура алынды, ҚҚс оның ішінде
60 445
5
Қызмет көрсетушіге есеп шоттан төлем жасалды
60 455
6
Алдын ала ақы төлеген тапсырысшыға тауарлардың бір бөлігі жөнелтілді, ҚҚС оның ішінде
339 000

Тапсырма:
  1. Жоғарыда көрсетілген шаруашылық операциялары бойынша шоттар кореспонденциясын жасаңыз. Қажет болса ескерілмеген бухгалтерлік проводкаларды жазып, олардың сомасын есептеңіз.
  2. Берушілермен, сатып алушылармен, ҚҚС есептесу бойынша шоттар сызбасын ашыңыз. Ай басындағы шоттардың сальдосы төмендегідей болған кезде, ай соңындағы сальдоны есептеп шығарыңыз:
-          Берушілер алдындағы берешек = 152000тг
-          Тапсырысшылар мен сатып алушылардан алынған аванс =29800тг
-          Есептелетін ҚҚС =54000тг

Есеп 6.4

15 наурыз күні компания өткен жылдың қорытындысы бойынша 550 000 тг көлемінде дивиденд төлейтінін жариялады. Төлем ағымдағы жылдың 25 наурызында төленетіні жария етілді және жарияланған мерзімінде төленді.
Тапсырма:
  1. Дивиденттің жарияланған мерзімі бойынша операцияны көрсетіңіз.
  2. Дивидендтің төленген мерзіміндегі операцияны көрсметіңіз.

Есеп 6.5

 Компания бөлшек сауда арқылы сатылған тауарлардан алынған түсімнің 5% сатушыларға комиссиялық сыйақы ретінде төлейді. Тамыз айында бөлшек сауда түсімі 1 220 000 тг құрады. Есептелген комиссиялық сыйақылар келесі айда төленеді.

Тапсырма:
Комиссиялық  сыйақы есептеу операциясын көрсетіңіз. Комиссиялық соманы есептеп шығарыңыз.

Есеп 6.6
А бөлімі). Компания өндіріс көлемін кеңейту мақсатында құрал-жабдықтар сатып алуға банкіден 12 000 000 тг займ алды. Сатып алынған құрал-жабдықтарды және компанияның ТМҚ ұстап қалу құқығын банк кепілге алды. Жылдық ставка төлемі 20%, қайтару мерзімі 5 жыл. Компания жыл сайын 2 400 000 тг негізгі соманы, оған қоса жылдық пайызды төлеп тұруға міндетті. Банкпен жасалған келісімшартта, егер компанияның ағымдық жойылу коэффициенті 2 % төмен болса, несие толық қайтарылады деген арнайы шарт бар. Несие 1 маусым п-жылы алынған.
            Компания банкпен келісімшарт жасаған сәттегі ағымдағы активтері – 250 000 000 тг, ұзақ мерзімді және өзге активтері- 150 000 000 тг, ағымдағы міндеттемелері- 120 000 000 тг, ұзақ мерзімді және өзге міндеттемелері- 180 000 000 тг.
Тапсырма:
1.31 желтоқсан п-жылғы бухгалтерлік баланста бұл займның қанша сомасы ағымдағы міндеттемелер ретінде көрсетіледі?
2.31 желтоқсан п-жылғы бухгалтерлік баланста бұл займның қанша сомасы ұзақ мерзімді міндеттемелер ретінде көрсетіледі?

Б бөлімі). Компанияның қаржылық жағдайы жақсы және бос қаражаты көп болғандықтан, ірі инвестицияларға ұзақ мерзімді құнды қағаз ретінде қаржы салу арқылы өз пайдасын көбейту туралы шешім қабылдады.
            (N+1) жылы маусым айында компанияның бас бухгалтері, инвестициялардың көмегімен ағымдағы активтердің – 200 000 000 тг, ұзақ мерзімді және өзге активтердің – 240 000 000 тг, ағымдағы міндеттемелердің – 128 000 000 тг, ұзақ мерзімді және өзге міндеттемелердің – 210 000 000 тг жеткенін анықтады.
Тапсырма:
  1. Қаржылық көрсеткіштерге талдау жасағаннан кейін бас бухгалтер қандай да бір проводка жасауға тиісті ме?
  2. Тиісті болса, қандай?

Есеп 6.7
Демалыс графигі бойынша ағымдағы жылы жұмысқа келмеген барлық күннің саны 310 күнтізбелік адам/күнді құрады, оның ішінде 50 адам/күн  былтырғы жылы пайдаланылмай қалған еңбек демалыстарының күні. Өткен жылы тұрақ ты түрде жұмыс істейтіндерге есептелген еңбекақы мен сыйақы мөлшері 8 976 540 тг құрады. Еңбек туралы статистикалық есептің мәліметі бойынша, былтырғы жылы еңбеккерлер атқарған жалпы жұмыс күндері 2139 адам/күн болды.

Тапсырма:
  1. Ағымдағы жылдағы еңбек демалысының төлемақысы мен резервін есептеңіз.
  2. Мұны қандай бухгалтерлік проводка арқылы көрсетуге болады? Қызметкерлердің еңбек демалысын есептеудің бухгалтерлік проводкаларын көрсетіңіз.

Есеп 6.8

Ағаш конструкцияларын дайындайтын өндірістік компания қызметкерлерін айлық еңбекақы есептеді. Компания құрамында ӘБП, ағаш конструкцияларын шығаратын негізгі цех және пайдаланушыларға ағаш конструкцияларын жеткізетін көмекші цех бар.
Мысал ретінде компанияның түрлі бөлімшелері бойынша есептелген еңбекақыны көрсетейік (Бір адамға). Ай ішіндегі жұмыс істеу уақытының балансы 22 жұмыс күнін құрайды (176 сағат). (АЕК = 1512 тг, ең төменгі жалақы (ЕТЖ) = 15999 тг):
1. Иванов Павел Семеновичқа – шаруашылық меңгерушісі – 20 жұмыс күніне (154 сағат).
Лауазымдық жалақысы айына 45 000 тг. Зейнеткер.
2. Сидоров Иван Михайловичқа – негізгі цехтың бригадирі – 22 жұмыс күніне (176 сағат).
Келісімді еңбекақы, оған айына 10 000 тг «бригадирлік» қосылады, айына келісімді түрде 117 000 тг есептелді.
3. Мартынов Виктор Алексеевичке – күзетші – 225 сағатқа, оның ішінде түнгі жұмыс – 120 сағат, мереке күндері – 15 сағат есептелді. Айлық жалақысы 11 000 тг, жұмыс істеген уақыты қосыла отырып есептеледі, қосымша жұмыс.
4, Нечитайло Петр Васильевичке – тасымалдау цехының 1-сыныпты жүргізушісі, 22 жұмыс күніне (176 сағат). Сағаттық ставкасы 450 тг, өндірістік көрсеткіштері үшін жалақысының 15% мөлшерінде сыйақы және сыныптылығына ай сайын 15 мың тг қосымша ақы төленеді.

Тапсырма:
1. Орындаған жұмыс уақыттарына сәйкес еңбекақы есептеңіз, еңбекақыдан ұсталатын тиісті сомалардың есебін жасаңыз. Ай ішінде аванс берілмегенін ескере отырып, қолға берілетін еңбекақы сомасын есептеп шығарыңыз.
2. Әлеуметтік салық пен міндетті әлеуметтік сақтандыру аударымын есептеп шығарыңыз.
3. Барлық көрсеткіштер бойынша бухгалтерлік проводкаларды көрсетіңіз (еңбекақы есептеу, міндетті жарналар мен салық ұстау, әлеуметтік салық пен әлеуметтік сақтандыру жарналарын есептеу).


Комментариев нет:

Отправить комментарий